Жобаны техникалық сүйемелдеу

Компания жобаның ең ұзақ және бюрократиялық кезеңінде — қажетті бастапқы-рұқсат беру құжаттамасын жинау және СЭС, ТЖ, Су арнасы, АЖК, Қазақтелеком, сәулет басқармасы, жер комитеті және т.б. сияқты бейінді инстанциялар мен ұйымдардан келісім алу қызметтерін ұсынады.

НЕГІЗГІ БАСТАПҚЫ-РҰҚСАТ БЕРУ ҚҰЖАТТАМАЛАРЫНЫҢ ТІЗБЕСІ:
  • учаскенің топографиялық түсірімі,
  • инженерлік-геологиялық ізденістер,
  • СЭС және ТЖ қорытындысы,
  • Қала құрылысы регламенті,
  • инженерлік қамтамасыз етудің техникалық шарттары,
  • ҚазҚСҒЗИ техникалық шарттары,
  • сәулет-жоспарлау тапсырмасы,
  • Қала құрылысы кеңесінің қорытындысы, Сәулет және қала құрылысы басқармасының қорытындысы,
  • экология бойынша қорытынды,
  • жоба сараптамасының қорытындысы,
  • құрылысқа рұқсат.